empty
 
 
Бүкіл әлемге белгілі артықшылық

Бүкіл әлемге белгілі артықшылық

Бүгіндері көптеген брокерлер Форекс нарығына қол жетімділікті ұсынады. Солардың ауқымды бөлігі аса ірі компаниялар берген лицензиялар бойынша істейтін шағын дилинг орталықтары болып табылады. Әдетте, мұндай фирмалар комиссияның жоғары деңгейін белгілейді немесе көтеріңкі бағаны көптеген қосымша қызметтермен бүркемелейді. Сонымен қатар, мұндай брокерлер көрсететін қызмет көбінесе Форекс нарығына қол жеткізумен ғана шектеледі.

Сарапшылар мен тәжірибелі трейдерлер, көп жылдық тәжірибесі жеткілікті клиенттік базамен және танымал брендпен бекітілген озық компанияларға артықшылық беруге кеңес етеді. Бүгінгі мақала беделі жоғарыда аталған барлық талаптарға сәйкес келетін ИнстаФорекс компаниясына арналған.



ИнстаФорекстің тарихы 2007 жылы басталды. Брокерлік қызмет нарығындағы көшбасшылардың арасында орнығу үшін компанияға сегіз жыл қажет болды. ИнстаФорекс жетістігінің құпиясы мынада: жұмысын бастаған алғашқы күннен бастап компания клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға толығымен бағытталған. ИнстаФорекс командасы басынан бастап тиімді және бәсекеге қабілетті бизнес-моделді таңдап, компания ұсынатын өнімдерді, қызметтер мен технологияларды үнемі жетілдіріп отырады.

Өздерінің брокері ретінде ИнстаФорекс компаниясын таңдаған трейдерлер, барлық назарын сауда процесіне және пайда табуға аударуға мүмкіндік беретін артықшылықтардың тұтас жиынтығын алады. Форекс нарығы көбінесе жаңа келгендерге қорқынышты әрі болжап болмайтын іс болып көрінеді. Әрине, алғашқы пайданы алғанға дейін көп уақыт өтуі мүмкін. Форекс халықаралық нарығында саудаға қолжетімділікті қамтамасыз ету, брокердің жалғыз ғана міндеті болып табылмайды. Ол сондай-ақ өз клиенттеріне сауда аспаптары мен пайда алудың техникаларын таңдау еркіндігін толығымен қамтамасыз ете отырып, қажетті оқу материалдарын, ақпараттық қолдау және техникалық базасын береді.

ИнстаФорекс өз клиенттеріне Форексте жұмыс істеу үшін қажетті аспаптардың толық жинағын береді. Бұл трейдерлерге нарыққа тез үйренуге және табыс табуды бастауға мүмкіндік береді. Тез өзгеріп отыратын қаржы жағдайында саудалау тәжірибесін жинақтауына қарай жеке инвесторлардың ақпараттық қажеттіліктері де өседі.

Өзіне сенім артқан трейдерлердің, кәсіби қалыптасуының әр кезеңінде қажетті аспаптардың толық жинағымен қамтамасыз ете отырып, олардың кәсіби дамуына брокерлердің бәрі бірдей кепілдік бере алмайды. ИнстаФорекс компаниясының біліктілік деңгейі трейдерлердің үздіксіз өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне сәйкес болуға мүмкіндік береді. Компания өзінің техникалық әлеуетін арттырып, үнемі жаңа сервистерді әзірлеу процессінде болады.

Мысалы, делдалдардың болмауы ИнстаФорекске өз клиенттеріне сауда аспаптарының  кең ауқымын ұсынып, спредтерді төмен деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Трейдер инвестицияның қай түрін таңдағанына қарамастан, ИнстаФорекс ұсынылатын қызметтердің ауқымды көлемінің арқасында сауда мүмкіндіктерін максималды пайдалану үшін неғұрлым тиімді жағдайларға сенімділікпен кепілдік бере алады.

Брокердің клиенттері кез -келген уақытта, тәулік бойы аптасына жеті күн жұмыс істейтін қолдау қызметіне көмекке жүгіне алады. Сонымен қатар, олар онлайн-семинарларға тегін қатысып, өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алады. ИнстаФорекспен ынтымақтастықтың сөзсіз артықшылығы күн сайын жаңартылып отыратын аналитикалық шолулар базасына және Форекс нарығының көптеген сарапшыларының болжамдарына қол жеткізу болып табылады.

Әрқайсысы тәжірибелі маман болып табылатын команданың барлық мүшесі, трейдерлердің өсіп отырған қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті инновациялық техникалық шешімдерді әзірлеумен үздіксіз айналысуда. Осындай тәсілдің арқасында, ИнстаФорекс Форекс нарығын түрлендіруші технологиялық прогрестің қозғаушы күштерінің бірі болып табылады.

ИнстаФорекстің, алғашқы күннен бастап компания жұмысының негізгі бөлігін құрайтын серіктестік бағдарламасы ерекше назар аударуға тұрарлық.  Бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсінуге төменде келтірілген мысал көмектеседі.

1996 жылы онлайн-гипермаркет Amazon, гипермаркетте тауардың сипаттамасы орналасқан серіктес сайттағы сілтеме арқылы сатып алу жүзеге асырылған сайын, комиссиялық сыйақы төлеуді қарастыратын бұрын-соңды болмаған серіктестік бағдарламаны іске қосты. Форекс нарығына осындай бағдарламаларды енгізумен байланысты қиындықтарға қарамастан, сауда үрдісі бұнда дәстүрліден өзгеше болуы себепті, ИнстаФорекс компаниясы, оның әлеуетін қарастырып, көп үміт күттіретін осы модельді пайдаланды. Жалпы алғанда Форекс пен серіктестер жәй ғана вебшеберлер емес. Олар, негізінен жаңа бастаған трейдерлердің тәлімгерлері рөлін атқарып, олар үшін бағдарламалық жасақтаманы әзірлейді және қажетті нарық шолуларын дайындайды.

Бұл жаңа клиенттерді тарту серіктестік бағдарламасының жалғыз ғана міндеті еместігін білдіреді. ИнстаФорекс бұл бағдарламаны өз басымдылығы деп санайды. Өз клиенттерін ең үздік сауда шарттарымен қамтамасыз ете отырып, өз серіктестерінің жұмысын барынша тиімді ету үшін компания сондай-ақ түрлі ынталандыру жүйесін және өте жоғары айқындықпен орындалған баннерлерден бастап, веб-талдаудың күрделі жүйелеріне дейінгі көлемді сараптамалық материалдарды ұсынады.

ИнстаФорекс командасы мына ұранды басшылыққа алады: «Клиентке табыс табуды бастауға көмектесіп, оның серіктесі бол». Мұндай тәсіл қазірдің өзінде компанияға сексеннан астам елден екі миллионнан астам клиентті тартуға көмектесіп, өзінің тиімділігін дәлелдеді.

ИнстаФорекс сайтында күн сайын мыңдаған жаңа шот ашылады.

Компания өкілдіктерінің кең тараған желісінде қазірдің өзінде әлемнің 25 елінен 200 астам кеңселер бар. ИнстаФорекс өзінің өнімдері мен қызметінің жоғары стандарттарының арқасында кеңінен танымал әлемдік деңгейдегі брокер болып табылады. Компанияның қызметі WorldFinance, CNBC, BusinessMagazine, European CEO, InternationalfinanceMagazine және GlobalBanking&Financereview беделді басылымдарда бірнеше рет жарияланған. Сонымен қатар, ИнстаФорекс қаржы конференциялары мен көрмелерде кезекті марапатсыз қалуы сирек. Компания the China International Online Trading Expo, ShowFx World көрмесінің, Forex&Investment Summit және Jordan EXPO лауреаты болып табылады.

Capital Finance International журналы (Көктем, 2015)
Кері

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.