empty
 
 

Ишимоку индикаторы (немесе Ишимоку Кинко Хайо – жап.: балансқа жылдам көзқарас), басқа да бірқатар индикаторларды және баға қозғалысын болжаудың түрлі тәсілдерінн біріктірген, нарықтық трендті, қолдау және кедергі деңгейлерін анықтауға, сатып алу және сату сигналдарын құруға арналған. Индикаторды аналитик Гиочи Хисода (лақап аты Санджин Ишимоку) 30-шы жылдары Жапонияның Nikkei қор индексінің апталық және күндік графиктеріндегі қозғалысын болжау үшін әзірлеген.

Tenkan-sen (айқарма сызық; аударылу сызығы), графикте қызыл түспен белгіленген, уақыттың бірінші аралығындағы, максимум мен минимумның екіге бөлінген қосындысы ретінде айқындалатын бағаның орташа мәнін көрсетеді. Қысқа мерзімді ағымдағы үрдістердің бағытын көрсетеді.

Kijun-sen (негізгі сызық; стандарт сызығы), көк түспен белгіленген, уақыттың екінші аралығындағы бағаның орташа мәнін көрсетеді, нарық қозғалысының көрсеткіші ретінде қолданылады. Егер сызық жоғары жүрсе, онда бұқа нарығы, ал егер төмен кетсе - аю нарығы.

Senkou A (алға секірген сызық) - екінші уақыт интервалы шамасына алға ығысқан, алдыңғы екі сызықтың арасындағы қашықтықтың ортасын көрсетеді.

Senkou B (алға секірген сызық) - екінші уақыт аралығы шамасына алға ығысқан, үшінші уақыт интервалындағы бағаның орташа мәнін көрсетеді.

Kumo (бұлт) – озыңқы екі сызық арасындағы штрихтелген аймақ. Егер баға осы екі сызықтың арасында орналасса, нарық трендсіз болып саналады және бұлттың шеттері қолдау және кедергіні түзеді. Егер баға бұлттың үстінде болса, онда оның жоғарғы сызығы бірінші қолдауды, ал екіншісі - екінші қолдауды түзеді. Егер баға бұлттың астында болса, онда төменгі сызық бірінші кедергіні, ал жоғарғысы – екінші кедергіні түзеді.

Chinkou Span (кешеуілдейтін сызық) - екінші уақыт аралығы шамасына, кері қарай ығысқан, жабу бағасының графигі. Егер Chinkou Span сызығы баға графигін төменнен жоғары қарай кесіп өтсе, бұл сатып алудың сигналы болып табылады. Егер жоғарыдан төмен болса —сатудың сигналы.

Tenkan-sen, Kijun-sen және Senkou сызығы бірлесіп пайдалану кезінде MACD индикаторының баламасы болып табылады. Өз кезегінде Chinkou Span - MetaTrader4 сауда алаңының - Momentum стандартты индикаторына ұқсайды.

Графикті құру үшін автор жоғарыда сипатталған сызықтардың мәндерін - 9, 26, 52, 26 реттілікпен беруге кеңес етеді. Дәл осы деректер Жапонияның қор нарығындағы апталық сауда үшін қолайлы болып келеді. Деректер басқа да таймфреймдер мен нарықтар үшін де оңтайлы.

Индикатордың сигналдары

Tenkan және Kijun төменнен жоғары қиылысуы сатып алу мәмілесін, ал жоғарыдан төмен қарай – сату мәмілесін ашу туралы сигнал береді.

Senkou A және Senkou B төменнен жоғары қиылысуы сатып алу сигналын, ал жоғарыдан төмен - сату сигналын береді.

Баға графигі мен Ишимоку индикаторы сызығының төменнен жоғары қиылысуы сатып алу үшін, ал жоғарыдан төмен - сату үшін қолайлы жағдай туралы сигнал береді.

Chikou сызығының баға графигімен төменнен жоғары қиылысуы сатып алу, ал жоғарыдан төмен – сату сигналы болып табылады.

Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.