empty
 
 

Stochastic Oscillator: сипаттамасы, баптау және қолдану

Стохастикалық Осциллятор (Stochastic Oscillator) Техникалық Индикаторы жабудың ағымдағы бағасын уақыттың таңдап алған кезеңіндегі баға диапазонымен салыстырады. Индикатор екі сызықпен берілген. Басты сызық %K аталады. Екінші сызық %D - бұл %K сызығының сырғымалы орташасы. Әдетте %K тұтас сызықпен, ал %D - пунктир сызықпен бейнеленеді. Стохастикалық Осцилляторды түсіндірудің ең көп тараған үш тәсілі бар:

Осциллятор (%K немесе %D) алдымен белгілі бір деңгейден (әдетте 20) түсіп, сосын одан жоғары көтерілгенде, сатып алыңыз. Осциллятор алдымен белгілі бір деңгейден (әдетте 80) жоғары көтеріліп, сосын одан төмен түскенде, сатыңыз.

Егер %K сызығы %D сызығынан жоғары көтерілгенде, сатып алыңыз. Егер %K сызығы %D сызығынан төмен түскенде, сатыңыз.
Алшақтықты қадағалаңыз. Мысалы: бағалар бірқатар жаңа максимумдар құрайды, ал Stochastic Oscillator өзінің алдыңғы максимумдарынан жоғары көтеріле алмайды.

Есептеу

Стохастикалық осцилляторды есептеу үшін төрт ауыспалыны қолданады:
- %K Периодтары. Бұл стохастикалық осцилляторды есептеу үшін қолданылатын бірлі-жарым периодтардың саны.
- %K бәсеңдеу периодтары. Бұл шама %K сызығының ішкі жатықтау дәрежесін анықтайды. 1 мәні жылдам стохастикалық осцилляторды, ал 3 мәні - баяуды береді.
- %D Периодтары. Бұл %K сызығының сырғымалы орташасын есептеу үшін қолданылатын бірлі-жарым периодтардың саны.
- %D әдісі. Бұл (экспоненциалды, қарапайым, жатықталған немесе өлшенген), %D есептеу үшін қолданылатын жатықтау әдісі.

%K есептеу формуласы:
%K = (CLOSE-LOW(%K))/(HIGH(%K)-LOW(%K))*100
Где:
CLOSE - бүгінгі жабылу бағасы;
LOW(%K) - %K периодтардың ең төменгі минимумы;
HIGH(%K) - %K периодтардың ең үлкен максимумы.
Сырғымалы орташа %D мына формула бойынша есептеледі:
%D = SMA(%K, N)
Мұнда:
N - жатықтау периоды;
SMA - қарапайым сырғымалы орташа.

   Индикаторлар тізіміне оралу   
Индикаторлар тізіміне оралу
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.