empty

Индикатор Ichimoku Kinko Hyo: сипаттамасы, баптау және қолдану

Ишимоку Кинко Хайо (Ichimoku Kinko Hyo) Техникалық Индикаторы – бұл қолдау және кедергі деңгейлерін анықтайтын және сырғымалы орташаға ұқсас тәсілдермен сатып алу мен сату сигналдарын беретін, трендтің соңынан жүретін индикатор. Осылайша, Ишимоку индикаторы қолдау және кедергі деңгейлерінде неғұрлым кең аймақ құрып, жалған сигналдардың пайда болу қаупін төмендетеді. Ишимоку индикаторы бәрінен де апталық және күндік графиктерде жақсы жұмыс істейді.

Ишимоку индикаторының көмегімен қолданыстағы тренд, оның бағыты және қолдау және кедергі туралы көбірек білуге болады. Параметрлердің өлшемдігін анықтағанда, жекелеген сызықтардың мәндері негізделетін, ұзындығы әртүрлі уақытша төрт интервал қолданылады.

Индикатор негізгі төрт сызықтан тұрады:

Tenkan-sen, немесе «кері бұрылу сызығы», соңғы 9 кезеңде екіге бөлінген максимум және минимумның қосындысына тең. Бұл сызық уақыттың бірінші аралығындағы бағаның орташа мәнін көрсетеді.

Kijun-sen, немесе «стандартты сызық», соңғы 26 кезеңде екіге бөлінген максимум және минимумның қосындысына тең. Бұл уақыттың екінші аралығындағы бағаның орташа мәнін көрсетеді.

Senkou Span A, немесе «озық өріс сызығы 1», — бұл екіге бөлінген және ағымдағы сәттен 26 кезеңге алға қарай құрылған, стандартты және айқарма сызықтардың мәндерінің қосындысы. Алға қарай, екінші уақыт аралығының шамасына ығысқан алдыңғы екі сызық арасындағы қашықтықтың ортасын көрсетеді.

Senkou Span B, немесе «озық өріс сызығы 2», — бұл өткен 52 кезеңде екіге бөлінген және ағымдағы сәттен 26 кезеңге алға қарай құрылған, максимум және минимум мәндерінің қосындысы. алға қарай, екінші уақыт аралығының шамасына ығысқан, үшінші уақыт аралығындағы бағаның орташа мәнін көрсетеді.

Негізгі төрт сызықтан басқа Ишимокуда бесінші — жабылу бағасы графигінің сызығы бар немесе Chinkou Span. Ол кері қарай, екінші уақытша аралығының шамасына ығысқан, ағымдағы шырақтың жабылу бағасын көрсетеді.

Senkou сызықтарының арасында түзілетін қосымша аймақ, "бұлт" деп аталады және графикте басқа түспен боялады. Бұл аймақ қолдау және кедергі деңгейлерін анықтайды, сондай-ақ, валюта нарығындағы сауда аспаптарының құбылмалылығын ескеруге мүмкіндік береді. Ишимоку бұлты, сондай-ақ, жалпы нарық бағытының қозғалысын анықтауға мүмкіндік береді. Котировкалардың бұлттан жоғары орналасуы көтерілетін трендті, ал бұлттан төмен орналасуы — төмендейтін трендті көрсетеді.

Егер баға бұлттың үстінде болса, онда оның жоғарғы сызығы қолдаудың бірінші деңгейін түзеді, ал екіншісі — қолдаудың екінші деңгейін түзеді. Егер баға бұлттың астында болса, онда төменгі сызық кедергінің бірінші деңгейін, ал жоғарғысы — екіншісін түзеді. Егер Chinkou Span сызығы баға графигін төменнен жоғары қарай кесіп өтсе, бұл сатып алудың сигналы, егер жоғарыдан төмен болса — сатудың сигналы болып табылады.

Kijun-sen нарық қозғалысының көрсеткіші ретінде қолданылады. Егер баға стандартты сызықтан жоғары болса, бағасы өсуін жалғастыруы мүмкін. Баға осы сызықты қиып өткенде, трендтің одан әрі өзгеруі мүмкін.

Бұл сызық, сондай-ақ, сигнал ретінде пайдаланылады. Егер Tenkan-sen сызығы Kijun-sen-ді төменнен жоғары қиып өткенде, сатып алу сигналдары, жоғарыдан төмен қарай — сатудың сигналы түзіледі.

Егер Tenkan-sen өссе немесе төмендесе — трендтің бар болғаны. Ол көлденең жүргенде - нарықтың арнаға кіргені.

Ишимоку сауда индикаторын пайдалану үшін, оны жүктеп, сауда терминалына орнату керек. MetaTrader сауда алаңында осы индикатор стандартты осцилляторлар құрамына кіреді.

ишимоку индикаторы

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.
 

Dear visitor,

Your IP address shows that you are currently located in the USA. If you are a resident of the United States, you are prohibited from using the services of InstaFintech Group including online trading, online transfers, deposit/withdrawal of funds, etc.

If you think you are seeing this message by mistake and your location is not the US, kindly proceed to the website. Otherwise, you must leave the website in order to comply with government restrictions.

Why does your IP address show your location as the USA?

  • - you are using a VPN provided by a hosting company based in the United States;
  • - your IP does not have proper WHOIS records;
  • - an error occurred in the WHOIS geolocation database.

Please confirm whether you are a US resident or not by clicking the relevant button below. If you choose the wrong option, being a US resident, you will not be able to open an account with InstaTrade anyway.

We are sorry for any inconvenience caused by this message.