empty

Есептеу формуласы

Әрбір күн үшін екі қосынды есептеледі. Біріншісі - бұл бағаның «күшті» өзгеруінің шартты сомасы:

S1 = Sum(k, j=1) n(j)m(j)s(j)

мұнда "k" бұл есептеу кезеңі (әдетте 8-ге тең). Бірінші шарт:

егер ((High[j - 2] < Close[j - 7]) && (High[j - 2] < Close[j - 8]) && (High[j] < High[j - 5]) && (High[j] < High[j - 6]))болса, n(j) = 0, олай болмаған жағдайда, n (j) = 1

m(j) - бұл екінші шарт:

егер ((Low[j - 2] > Close[j - 7]) && (Low[j - 2] > Close[j - 8]) && (Low[j] > Low[j - 5]) && (Low[j] > Low[j - 6])) болса, m(j) = 0, олай болмаған жағдайда, m(j) = 1

ал s(j) - бұл баға өзгерісінің параметрі:

s(j) = High[j]-High[j-2]+Low[j] - Low[j-2]

Екінші қосындысы келесі формула бойынша есептеледі:

S(2) = Sum(k, j=1) |High[j]-High[j-2]|+|Low[j] - Low[j-2]|

Әрбір сауда күні үшін индикатордың мәні былайша есептеледі:

REI = S1/S2*100

Саудада қолдану

Диапазонды кеңейту индексі ұзақ мерзімді, сондай-ақ қысқа мерзімді уақыт аралығында, экстремалды баға өзгерістерінің болуын көрсететін қосымша осциллятор ретінде қолданылуы мүмкін.

Осы индикатор +100-ден 100 пайызға дейінгі аралықта ауытқуы мүмкін. +60 жоғары аймақ қайта сатып алу аймағы болып табылады, индикатордың осы аймаққа жетуі сатып алудың экстремалды мәнінің басымдығы туралы айтады және бағаның жақын арада төмен бұрылатынын білдіреді. Индикатор көрсеткішінің -60 деңгейінен төмен түсуі, уақыттың таңдап алған аралығында бағаның қатты құлдырағанын және жақын арада өсуін қайтадан бастауы мүмкін екенін білдіреді.

Бұл индикатордың қызғылықты ерекшелігі, нарықтағы бүйірлі баға қозғалысы (флет) барысында осы индикатор өз мәндерін «бейтарап» аймақта (диапазоны -60 +60) сақтайтыны болып табылады. Әзірлеуші Томас Де Марко индикатордың негізіне алған осы қасиеті қазіргі заманғы қаржы нарықтарында өте жақсы жұмыс істейді: егер бүйірлі үрдіс байқалса, онда оның даму барысында индикатор қайта сатып алу немесе қайта сату аймақтарында экстремумды қалыптастырмайды, осылайша, нарық қалыптастыратын өрістеу туралы жалған сигналдарды бермейді.

Индикаторды H4 төмен таймфреймдерде пайдаланған жағдайда жалған сигналдар санын және шуды азайту үшін индикаторды есептеудің стандартты параметрін «8» - ден «12»-ге ұлғайтуға кеңес беріледі.

Индикатор сигналдары негізіндегі сауда (қайта сатып алу немесе қайта сату аймақтарында экстремумды қалыптастыру) қалыптасатын сигналдар іріктелетін сүзгімен міндетті түрде қоса жүргізілуі тиіс. Сүзудің ең маңызды және қарапайым әдістерінің бірі периоды 50 болатын Simple MA пайдалану болып табылады. Осыған байланысты сауданың келесі моделін қолдану қажет:

– экстремум REI индикаторы +60 деңгейінен жоғары қалыптасқанда және бағасы SMA(50) төмен орналасқан жағдайда, қысқа позиция ашылады;
– экстремум REI индикаторы -60 деңгейінен төмен қалыптасқанда және бағасы SMA (50) жоғары орналасқан жағдайда, ұзын позиция ашылады.

Осы сүзгіні пайдалану кезінде мәмілелердің жалпы көлемі үш есеге азаяды, бірақ дамушы орта мерзімді үрдістерге қарсы сауда болмайды, бұл операциялардың нәтижесіне оң әсерін тигізеді.

Диапазонды  кеңейту индексі

ИнстаФорекс REI индикаторының параметрлері

REI_period = 8

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.
 

Dear visitor,

Your IP address shows that you are currently located in the USA. If you are a resident of the United States, you are prohibited from using the services of InstaFintech Group including online trading, online transfers, deposit/withdrawal of funds, etc.

If you think you are seeing this message by mistake and your location is not the US, kindly proceed to the website. Otherwise, you must leave the website in order to comply with government restrictions.

Why does your IP address show your location as the USA?

  • - you are using a VPN provided by a hosting company based in the United States;
  • - your IP does not have proper WHOIS records;
  • - an error occurred in the WHOIS geolocation database.

Please confirm whether you are a US resident or not by clicking the relevant button below. If you choose the wrong option, being a US resident, you will not be able to open an account with InstaTrade anyway.

We are sorry for any inconvenience caused by this message.