Сондай-ақ қараңыз
HMA_histogram (HMA)индикаторы HMA Аллан Халлдың (Alan Hull) классикалық индикаторының бір түрі болып табылады, ол MACD индикатордың гистограммасына ұқсас гистограмма түрінде орындалған.
HMA(n) = WMA(2*WMA(n/2) – WMA(n)),sqrt(n))
HMA_histogram индикаторының бары баға қозғалысының бағытын (көк бар – бағаның өсуі, қызыл – түсуі), сондай-ақ нарыққа кіру нүктелерін көрсететін, көрнекі гистограмма түрінде орындалған трендті индикатор болып келеді.
Егер нарықта жалпы көтерілу үрдісі байқалса, ал HMA_histogram индикаторы түсін қызылдан көк түске өзгертсе, активті сатып алу қажет, өйткені болашақта бағасы жалпы көтерілетін трендтің аясында өсуі мүмкін. Индикатор түсінің өзгеруі нарыққа кіру сигналы болып табылады.
Егер нарықта жалпы төмендейтін үрдіс байқалса, ал HMA_histogram индикаторы түсін көктен қызылға өзгертсе, активті сату қажет, өйткені болашақта бағасы жалпы төмендейтін трендтің аясында төмендеуі мүмкін. Индикатор түсінің өзгеруі нарыққа кіру сигналы болып табылады.
Осы индикатордың ерекшелігі мынада: ол баға өзгерістерін жатықтаумен қатар, сондай-ақ сигналдардың «кешігу» факторын болдырмауға мүмкіндік береді. Бұған индикаторды есептеудегі ерекшеліктердің арқасында қол жеткізілді. Осылайша, трейдер метатрейдерге арналған HMA_histogram индикаторы сатып алу немесе сату нарығына кіру қажеттілігі туралы сигналды кешіктіріп береді деп қорықпай, осы индикаторды саудада пайдалана алады.
Халлдың компьютерлік индикаторын саудада өз бетімен пайдаланудан басқа, HMA_histogram индикаторын нарыққа кіру сүзгісі ретінде қолдануға, ал мәмілелерді басқа да индикаторлардың немесе талдау әдістерінің негізінде ашуға болады. Мұндай жағдайда гистограмма мәміледен шығу үшін қолданылуы мүмкін: индикатордың түсі қарама-қарсы түске ауысқанда, баға қозғалысының бағытында ашылған мәмілені жауып, нарыққа кірудің жаңа сигналын күту керек.
ИнстаФорекс сандармен
Your IP address shows that you are currently located in the USA. If you are a resident of the United States, you are prohibited from using the services of InstaFintech Group including online trading, online transfers, deposit/withdrawal of funds, etc.
If you think you are seeing this message by mistake and your location is not the US, kindly proceed to the website. Otherwise, you must leave the website in order to comply with government restrictions.
Why does your IP address show your location as the USA?
Please confirm whether you are a US resident or not by clicking the relevant button below. If you choose the wrong option, being a US resident, you will not be able to open an account with InstaTrade anyway.
We are sorry for any inconvenience caused by this message.