Сондай-ақ қараңыз
Hull Moving Average индикаторы, қысқаша HMA – бұл баға қозғалысын өлшенген орташа мәндердің көмегімен жатықтауға мүмкіндік беретін, идеалды сырғымалы орташаның (MA) кезекті нұсқасы. Индикатордың авторы - Аллан Халл (Alan Hull).
HMA(n) = WMA(2*WMA(n/2) – WMA(n)),sqrt(n))
HMA индикаторы баға үшін тиімді сүзгі ретінде әзірленді. Қолдау/кедергі ретінде бағаға әсер ету, сондай-ақ көлбеу бұрыштың нарыққа кіру туралы шешім қабылдауға әсері сияқты көптеген басқа сырғымалы орташаларға тән стандартты функциялармен қатар, Халдың сырғымалы орташасы басқасын былай қойғанда, индикаторға салынған түрлі-түсті модельдің көмегімен үрдістің бағытын анықтауға мүмкіндік береді.
Егер нарықта жалпы көтерілу үрдісі байқалса, HMA индикаторы түсін қызылдан көк түске өзгертеді, бұл активті сатып алу қажет екенін білдіреді, өйткені болашақта бағасы жалпы көтерілетін трендтің аясында өсуі мүмкін. Сырғымалы орташаның түсінің өзгеруі — бұл нарыққа кіру сигналы.
Егер нарықта жалпы төмендейтін үрдіс байқалса, HMA индикаторы түсін кері жаққа қарай, көктен қызылға өзгертеді, бұл активті сату қажет екенін білдіреді, өйткені болашақта бағасы жалпы төмендейтін трендтің аясында төмендеуі мүмкін. Сырғымалы орташаның түсінің өзгеруі, сондай-ақ, нарыққа кіру сигналы болмақ.
Осы сырғымалы орташаның ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады: ол баға өзгерістерін жатықтаумен қатар, сондай-ақ сигналдардың «кешігу» факторын болдырмауға мүмкіндік береді. Осы нәтижеге индикаторды есептеудегі ерекшеліктердің арқасында қол жеткізілді. Осылайша, трейдер HMA сатып алу немесе сату нарығына кіру қажеттілігі туралы сигналды кешіктіріп береді деп қорықпай, осы индикаторды саудада пайдалана алады.
Сырғымалы орташаны саудада өз бетімен пайдаланудан басқа, HMA метатрейдер индикаторын нарыққа кіру сүзгісі ретінде батыл қолдануға болады, ал бұл кезде мәмілелер басқа да индикаторлардың немесе талдау әдістерінің негізінде ашылады. Мұндай жағдайда сырғымалы орташа мәміледен шығу үшін қолданылуы мүмкін. Бұл келесі түрде жұмыс істейді: индикатордың түсі қарама-қарсы түске ауысқанда, баға қозғалысының бағытында ашылған мәмілені жауып, нарыққа кірудің жаңа сигналын күту керек.