Сондай-ақ қараңыз
Aroon индикаторын 1995 жылы Тушар Чанде (Tushar Chande), «Tuscarora Capital Management» компаниясының жетекшісі және трейдер әзірлеген. Көрсеткіш трендтің күштері мен бағыттарын анықтау үшін қолданылады: ол трендтің сөнуін көрсетіп, оны кейіннен ауысуын немесе түзетуін (бұрынғы бағытта дамуын)болжайды.
Aroon Up = ((N кезең - ең үлкен максимумы бар N кезең) / N кезең) * 100
Aroon Down = ((N кезең - ең кіші минимумы бар N кезең) / N кезең) * 100
Қор және тауар-шикізат трендтік нарықтарға қолайлы Aroon индикаторын пайдаланудың классикалық әдістері, қазіргі заманғы валюта нарығының барлық талаптарын қанағаттандырады.
Осыған байланысты, нарықтың дұрыс жағында болу үшін және «контр-трендтік қақпанға» түспес үшін индикатор сигналдарының нақты таңдауын жүргізу қажет.
Индикатордың басты сигналы Aroon Up сызығының (графикте көк түспен көрсетілген) Aroon Down сызығын(қызыл түспен көрсетілген) қиып өтуі болып табылады. Егер Aroon Up сызығы Aroon Down сызығы төменнен жоғары кесіп өтсе, бұл орта мерзімді көтерілетін трендтің қалыптасуының басталғаны туралы айтады. Aroon Up сызығы roon Down сызығын жоғарыдан төмен қарай кесіп өткенде, осы сигналдың негізінде сатып алудан шығуды жүзеге асыру керек.
Сол сияқты, Aroon Up сызығының Aroon Down сызығын жоғарыдан төмен қарай кесіп өтуі төмен кететін баға қозғалысының даму ықтималдығы туралы айтады, сол себепті активті сату туралы шешім қабылдау керек. Индикатор бойынша шығуды сигналдық сызықтардың кері кесіп өтуінде жүзеге асыру керек.
Егер сигнал экстремалды аймақ деуге болатын (қайта сатып алу/қайта сату аймақтары емес) 40 жоғары және -40 пайыздан төмен қалыптасса, онда бұл сигналдың маңыздылығын арттырады, нәтижесінде баға өзінің әрі қарай дамуына қатты жауап қайтаруы мүмкін.
Тағы бір маңызды сигналдың факторы баға қозғалысы мен Aroon Up сызықтың арасындағы алшақтық болып табылады
Егер Aroon Up индикатордың сызығы өссе, ал бағасы түссе, онда жақын арада бағаның төмен кететін және көтерілетін (дивергенция сигналы) бағытындағы ауысымды күтуге болады.
Егер Aroon Up индикатордың сызығы төмендесе, ал бағасы көтерілетін қозғалысты қалыптастырса, бұл қозғалыс бағытының төмен қарай ауысуының ықтималдығы туралы айтады.
Aroon_Period = 9
ИнстаФорекс клубы
Your IP address shows that you are currently located in the USA. If you are a resident of the United States, you are prohibited from using the services of InstaFintech Group including online trading, online transfers, deposit/withdrawal of funds, etc.
If you think you are seeing this message by mistake and your location is not the US, kindly proceed to the website. Otherwise, you must leave the website in order to comply with government restrictions.
Why does your IP address show your location as the USA?
Please confirm whether you are a US resident or not by clicking the relevant button below. If you choose the wrong option, being a US resident, you will not be able to open an account with InstaTrade anyway.
We are sorry for any inconvenience caused by this message.