Сондай-ақ қараңыз
Форекс биржасы – бұл әлемдік нарықтың маңызды құрамдас бөлігі болатын халықаралық валюта биржасы (ағылш. Foreign Exchange Market). Онда белгілі бір күнге қойылатын шетел валютасын сатып алу және сату жүзеге асырылады. Оның қандай да бір мекен-жайы немесе географиялық картадағы орналасқан жері жоқ.
Форекс валюта биржасы қаржы ағынының қомақты көлемі айырбасталатын, жаһандық сауданың компьютерлік жүйесі болып табылады. Осы биржа арқылы әлемдік валюталар, акциялар, мұнай мен түсті металдар саудасы жүргізіледі, сондықтан, тауар және қор биржаларынан басқа, жаһандық банк аралық валюта биржасы да бар, ғаламдық Интернет желісінің арқасында ондағы сауда тәулігіне 24 сағат бойы жүргізіледі (демалыс күндері мен кейбір мерекелерден басқа).
Форекс (Forex) биржасының негізгі қатысушылары – бұл ең алдымен, орталық және халықаралық коммерциялық банктер, экспорт пен импортқа жұмыс істейтін түрлі фирмалар.
Форекс биржасы – орталықтандырылмаған жүйе, оған қатысушылар байланыстың түрлі арналары арқылы біріккен. Қазіргі заманғы телекоммуникациялық байланыс құралдарының дамуы сауданың жаңа «қашықтағы» түрінің пайда болуына - бірте-бірте дәстүрлі телефон дилингін ауыстыратын, электронды дилингтік жүйелер арқылы саудалауға жол ашты.
Форекс биржасында Еуро (EUR) валютасын мысалы, Швейцар Франкіне (CHF) немесе Жапон Йенасына (JPY) сатып алудың сауда операциясын жүргізуге болады. Форекс биржасында жасалатын қозғалыс пен операциялар бүкіл әлемдегі еркін айырбасталатын валюта бағамдарының ара-қатынасын айқындаушы факторлар болып табылады. Сауда үшін пайдаланылатын валютаның бәрі, валюта бағамы құбылмалы валюта жұбы түрінде болады.
Форекс ббиржасындағы сауда айналымы ауқымды көлемде жүргізіледі, кейде қаражаттың жалпы айналымы үш триллион долларға жетуі мүмкін, бұл қор биржаларындағы сауда көлемінен шамамен елу еседей асып түседі. Соңғы бірнеше жылда Форекс биржасындағы сауданың танымалдығы арта түсті. Бүгіндері бұл әрекеттің кең тараған және тиімді түрі. Форекс биржасында жасалатын мәмілелердің шамамен 80% - бұл валюта бағамдарының айырмасы ойынында алып-сатарлық пайда алу үшін жасалатын мәмілелер.
Форекс (Forex) биржасы – қазіргі таңдағы барлық биржалардың ішіндегі ең қол жетімді - жаһандық түрі болып келеді. Мұнда қатысушыларға тез табыс табу мүмкіндігі берілген. Валюталар, сауда аспаптары ретінде өтімділіктің ең жоғары деңгейі болғандықтан, іс жүзінде, Форекс биржасында сауданы бастау үшін минималды депозиті жоқ. Сонымен, Форекс биржасында акциялар саудасы кезіндегі сияқты, қандай да бір мәміле бойынша контрагент болмайтын жағдай орын алуы мүмкін емес. Форекс биржасы қор биржаларына қарағанда әлдеқайда танымал деп саналады. Алайда, бұл ондағы сауданың акциялар саудасына қарағанда әлдеқайда оңай дегенді білдірмейді, бірақ бүге-шегесі азырақ. Дегенмен, танымалды болуының басты себебі – жоғарыда айтылғандай, бастапқы капитал сомасының аздығы. Қор нарығына әркім кіре алмайды, ал Форекс биржасында қалтаңыздағы бір-екі доллармен сауданы бастауға болады. Егер қажет болса, брокер инвестор үшін жетіспейтін соманың қалғанын төлейді. Әрине, ұтқан жағдайда ойыншы үлкен табыс алмайды, бірақ бәрінен айырылу тәуекелі де әлдеқайда аз болмақ.
Үйрететін видео
Your IP address shows that you are currently located in the USA. If you are a resident of the United States, you are prohibited from using the services of InstaFintech Group including online trading, online transfers, deposit/withdrawal of funds, etc.
If you think you are seeing this message by mistake and your location is not the US, kindly proceed to the website. Otherwise, you must leave the website in order to comply with government restrictions.
Why does your IP address show your location as the USA?
Please confirm whether you are a US resident or not by clicking the relevant button below. If you choose the wrong option, being a US resident, you will not be able to open an account with InstaTrade anyway.
We are sorry for any inconvenience caused by this message.